Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық көршісінің бір айлық сәбиі мен жеті жасар баласын өрттен аман алып шықты

Қызылордалық көршісінің бір айлық сәбиі мен жеті жасар баласын өрттен аман алып шықты

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық көршісінің балаларын өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оқиға 3 желтоқсан күні кешке болған. Көп қабатты үйде тұратын отбасының бір айлық және жеті жасар балалары үлкендердің бақылауынсыз қалған. Сол сәтте 7 жастағы бүлдіршін отпен ойнаған. Ол кезде әкесі үлкен баласын мектептен алып қайтуға, аналары дүкеннен нан алуға сыртқа шығып кеткен.
Пәтерден шыққан өртті төменгі қабаттағы көршісі Медет Рахметов алғашқылардың бірі болып байқаған. Ол бірден құтқару қызметіне хабарласып, өзі әрекет жасаған.
«Нәтижесінде ол түтін арасынан бір айлық сәби мен 7 жастағы баланы құтқарып қалды. Жедел жәрдем қызметі балаларды облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
04 желтоқсан 2019 ж. 207 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области