Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Түн еді": Жәбірленуші Қызылордадағы автобус апаты жайлы айтып берді

"Түн еді": Жәбірленуші Қызылордадағы автобус апаты жайлы айтып берді

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам жан тапсырды. Тағы 13 жолаушы хал үстінде жатыр.Зардап шеккендердің барлығы вахталық тәсілмен жұмыс істеген мұнайшылар. Ажалдан аман қалғандардың айтуынша, автобус апатқа ұшыраған сәтте жолаушылар түгел ұйқыда болған. Көктайғақ жолдан басқа есте ештеңе қалған жоқ дейді зардап шеккендер.
"Түнде білмейміз ғой, арамызда ұйықтап кеткендер болады. Не жағдай болғанын білмеймін, жол көктайғақ еді. Кейін түсіп жолды ұстап көрсек, көктайғақ екен, сырғанап тұр. Басқа ештеңе есімде жоқ", - деді зардап шегушілердің бірі "Астана" арнасына.
Автобуста 36 жолаушы болған. Олар Шымкент, Тараз, Қызылорда және Түркістан облысының тұрғындары.
Автобус көктайғақтан апатқа ұшыраған деген болжам бар. Алайда көліктің техникалық ахуалы да күдік тудырып отыр.
Тайғақ жолда аударылып қалған автобус биыл наурыз айында соңғы рет техникалық байқаудан өткені белгілі болды. Бірақ ережеге сәйкес, бұл тектес транспорттар алты ай сайын тексерілуі тиіс. Яғни мұнайшылар мінген көліктің техникалық жағдайы қыркүйекте анықталу қажет болған. Алайда  көліктік қадағалау инспекциясының ортақ мәліметтер базасынан оның тексерістен өткені жөнінде әзірге мәлімет табылмады.
Төтенше жағдайлар департаменті көктайғақ болатынын ескерттік деп отыр. Қазір оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
04 желтоқсан 2019 ж. 25 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области