Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс МС-12» ғарыш кемесі Тынық мұхитына батырылады

Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс МС-12» ғарыш кемесі Тынық мұхитына батырылады

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 31 шілдесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған және осы уақытқа дейін орбитада тұрған «Прогресс МС-12» ғарыш кемесі өз қызметін аяқтайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
«29 қараша күні ресейлік ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) шығарылды. Кеменің қозғалтқыштарын тежеуішке қосқаннан кейін ғарыш кемесі атмосфераға еніп, жартылай күйіп кетеді. «Прогресс МС-12»-нің жанбаған сынықтары Тынық мұхитының кеме жүрмейтін бөлігіне батырылады, деп хабарлады «Роскосмос» баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ХҒС-да жаңа ғарыш кемесін қабылдауға дайындық жүруде. «Прогресс МС-13» ғарыш кемесі Байқоңырдан 2019 жылдың 6 желтоқсанында ұшырылады.
03 желтоқсан 2019 ж. 67 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области