Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 2 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жұмысыңыздағы түсініспеушіліктер сіздің ісіңіздің алға басуына кедергі келтіреді. Сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынасыңыз да әлсірейді. Бүгін өмірге деген құштарлығыңызды жоғалтып алмағаныңыз жөн. Дәл осы күні ақылыңызды сезімге жеңдіріп алмаңыз. Сізге бәрін ақылмен шешу керек.

Торпақ
Бүгін махаббат туралы ойлануға қолайлы күн емес. Себебі, бәрі сіз ойлағандай болмай шығуы әбден мүмкін. Сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынасыңыздың тағдыры шешіледі. Қандай жағдай болмасын, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз.

Егіздер
Бүгін бизнес және сауда саласында жұмыс істейтін егіздер үшін өте қолайлы күн. Жеке ісіңізді өрге бастыратын қаржылық жағынан тиімді ұсыныстар түседі.

Шаян
Сіз үшін карьера қуатын күн емес. Жұмысыңызда аса мұқият және тиянақты болғаныңыз жөн. Бүгін қызметіңіз сізді шектен тыс шаршатып, түңілдіріп жібереді. Сондықтан дау-дамайларға араласпай, алыс болыңыз.

Арыстан
Бүгін екінші жартыңызбен араңызда қарама-қайшылықтар көп туындайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, оны жақсылап ойланып алғаныңыз жөн. Ашуға берілмеңіз. Бәрін сабырмен шешіңіз.

Бикеш
Жұмысыңызда көптеген түсініспеушіліктер орын алады. Ойланбастан шешім қабылдамаңыз. Сіздің бүгінгі шыдамдылығыңызға көп нәрсе байланысты. Дәл осы күні орын алған түсініспеушілікке бола жұмысыңызды ауыстыруыңыздың қажеті жоқ.

Таразы
Бүгін жақындарыңыздың ерекше қолдауын сезінесіз. Олардың қолдауы сізге бірнеше күн қатарынан қанат бітіреді. Көптен бері мазалап жүрген денсаулығыңыздағы кінәрат оң шешімін тауып, айыңыз оңынан туады.

Сарышаян
Сіз үшін жағымсыз күн. Айналаңызға, жұмысыңызға, тіпті, өзіңізге көңіліңіз толмайды. Сабыр сақтаңыз. Әйтпесе, қаржылық жағдайыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Саудамын айналысамын деп тәуекелге барудың қажеті жоқ. Ол сіздің қолыңыз емес.

Мерген
Сауда саласында ойлағандарыңыз жүзеге асады. Көптен бергі жоспарларыңыз да өз жемісін бере бастайды. Жаңа бастамаларға өте сәтті күн. Жеке өміріңіз де көптеген оң өзгерістер болады. Осы күн тек өтірік айтуға болмайды.

Тауешкі
Жұмысыңызда қиындықтарға тап боласыз. Сізге негізсіз жабылған жала мен әділетсіз сындар өзіңізді титықтатып, жүйкеңізді жұқартады. Асығыс шешім қабылдауға болмайтын күн. Сіз өзіңізге лайықты қызметіңізге қол жеткізе алмайсыз.

Суқұйғыш
Сізге бүгін барлық жұмысты ысырып тастап, денсаулығыңызға көңіл бөлу қажет. Түрлі ем қабылдап, тыныққаныңыз жөн. Өткен-кеткенді ойлай бермей, келетін қонақтарыңызға көңіл бөліңіз. Аздап шаршайсыз.

Балықтар
Сауда жасауға, жаңадан іс бастауға, сезіміңізді білдіруге қолайсыз күн. Жұмысыңыз алға баспай жүргендіктен бүгін салыңыз суға кетеді. Дәл қазір сізге бұдан артық жұмыс табылмайды. Сондықтан, берілмеңіз. Басқа жұмыс іздеп, тәуекелге бел бумаңыз.
02 желтоқсан 2019 ж. 25 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области