Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындаудың тәртібі өзгереді

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындаудың тәртібі өзгереді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиынды ашқан мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының адами капиталды дамыту саласындағы серпінді жоба екенін атап өтті.
Комиссия отырысында білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.
Комиссия шешімімен магистратура мен докторантурада білім алу үшін 234 үміткерге стипендия тағайындалды, сонымен қатар, олар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясының тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Әсіресе экономика саласын дамытудың перспективалары негізінде еңбек ресурсы балансындағы өзгерістерді ескеру жайы айтылды.
Мысалы, 2020 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың жаңа тәсілдері енгізілетін болады. Бұл конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын оңтайландыруды, жұмыс органының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Сонымен қатар стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық үдеріс қосымша реттеледі.
26 қараша 2019 ж. 254 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области