Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бішкектің орталығында үш жарылыс болды (ВИДЕО)

Бішкектің орталығында үш жарылыс болды (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Бүгін, 8 қарашада, Қырғызстан астанасы Бішкектің орталығында үш жарылыс болды. Жарылыс салдарынан адамдар зардап шеккен. Алайда әзірге олардың нақты саны белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz.
Жарылыс Шу мен Еркіндік даңғылдарының қиылысындағы «Антошка» жылдам тамақтану орнында орын алған.
Куәгерлердің сөзінше, бастапқыда бір жарылыс болған. Біраз уақыттан кейін тағы екі жарылыс болыпты. Салдарынан дәмхана өртке оранды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Хабарланғандай, жарақаттанған екі адам қауіпсіз жерге шығарылған.
Жедел медицина орталығының директоры Искендер Шаяхметовтың мәліметінше, жарылыстан бір адам көз жұмған.
«Қазіргі уақытта бір адамның көз жұмып, тағы 15 адамның зардап шеккені белгілі», - дейді Шаяхметов.
Орталық директорының сөзінше, көз жұмған адам дәмханада жұмыс істеген. Ол алған күйік жарақатының салдарынан оқиға орнында тіл тартпай кетіпті.
Өрт сөндірушілердің алдын ала мәліметі бойынша, дәмханадағы газ баллондары жарылған болуы мүмкін.

08 қараша 2019 ж. 42 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области