Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

9 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық фашизмге, нәсілшілдікке және антисемитизмге қарсылық күні
1938 жылы қарашаның 9-нан 10-на қараған түні Германияда «Хрусталь түні» болған. Бұл түні нацистер жүздеген еврейді өлтіріп, тағы 30 мыңдай адамды концлагерьге жөнелтті. Атаулы дата осы қаралы күнді еске алу үшін бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күн
2004 жылдан бастап жыл сайын аталып келеді. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған (2003 жылғы қарашаның 21-дегі №А/RES/58/4 қарар).

Халықаралық ядролық қаруға қарсы акция күні
Бұл күні ядролық энергетиканы дамытуға қарсы және оның қауіптілігін арттырғаны үшін наразылық акциялары, демонстрациялар өтеді.
1996 жылы Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

2006 жылы Қазақстанның еңбекші әйелдерінің бірінші конгресі өз жұмысын бастады.

2010 жылы Нью-Йоркте Қазақстан-Америка инвестициялық форумы өтіп, онда таяуда АҚШ-та (Нью-Йорк қаласы) ашылған ҚР сауда-өндірістік палатасы өкілдігінің тұсаукесері болды.

2011 жылы белгілі қазақстандық жазушы Роллан Сейсенбаевтың редакциясымен Мағжанның «Күннен туған баламын» атты жаңа жинағы шықты. Автор басылымды да осы сөзбен атады. Кітапқа Мағжанның қазақ тіліндегі және орыс тіліне аударылған өлеңдері еніп, ақынның өмір жолы баяндалды.

2015 жылы Алматыдағы Кеңсай зиратына Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш қойылды.
Кешеннің биіктігі 2,15 метр Мемориал тақтаның оң жағында саксофон ұстаған Батырхан Шүкеновтің бейнесі бейнеленген.

2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үш ұлттық театрына: корей, неміс және ұйғыр театрларына академиялық мәртебе беру туралы өкім шығарды.
09 қараша 2019 ж. 16 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области