Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытында смартфонды пайдалануға рұқсат берілмек

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытында смартфонды пайдалануға рұқсат берілмек

Kyzylorda-news.kz. Жақында мемлекеттік орган ғимараттарында мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты.
«Мендегі ақпарат бойынша аталған қаулы Үкіметке енгізілген, жақын арада ол жайында жарияланатын болады. Барлық өкілетті органдарда келісуден өтті, осыдан кейін ол Үкімет отырысының қарауына шығарылады. Биылғы қараша айында тиісті шешім болады деп үміттенеміз. Бұл тұрғыда смартфондарды ешбір шектеусіз барлық мемлекеттік қызметшілерге қайтару мәселесі ескерілген», - деді вице-министр Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның атап өтуінше, кез келген мемлекеттік қызметшіде өз қызмет орнында алған ақпаратқа қатысты жауапкершілігі бар.
«Ақпаратты негізсіз таратқаны үшін қызметші заңнамаға сәйкес жауапты болады», - деді Абылайхан Оспанов.
07 қараша 2019 ж. 116 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области