Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтар қазан айында денсаулықтарын сақтандыруға 282,6 млн теңге аударған

Қызылордалықтар қазан айында денсаулықтарын сақтандыруға 282,6 млн теңге аударған


Kyzylorda-news.kz.
Қызылорда облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 2019 жылдың 1-31 қазан аралығында 282,6 млн. теңге түсті, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиа¬лының директоры Руслан Бектібаев.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 қазан аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 6,4 млрд. теңгені құрады. Оның 6,2 млрд. теңгесі (97,1%) – жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 184,02 млн. теңге (2,9%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Айта кетейік, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
07 қараша 2019 ж. 25 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области