Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ресейден Қызылордаға қайтарылған жерлер Төретам кентін кеңейту үшін пайдаланылады

Ресейден Қызылордаға қайтарылған жерлер Төретам кентін кеңейту үшін пайдаланылады

Kyzylorda-news.kz. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Хаттамаға 2017 жылы қарашада Челябі қаласында екі ел президенттерінің қатысуымен өткен ҚР мен РФ арасындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі форум аясында қол қойылды.
Хаттамамен «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартының №2 қосымшасына өзгеріс енгізілді.
«Шарттың екінші қосымшасында «Байқоңыр» кешенінің технологиялық және техникалық нысандарының, тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлауы аудандарының координаттары көрсетілген. Хаттамамен оған жалпы алаңы 11,6 мың гектар төрт жер учаскесі жалдан шығарылады. Жалпы алаңы 1 740 гектар екі учаске Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ 9 950 гектар екі учаске «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін, «Алматы-Мәскеу» теміржолын салу және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі үшін алынып отыр», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.
Оның сөзіне қарағанда, көрсетілген жер телімдері Қызылорда облысының дамуы үшін қажет. Осы шаралар өңірдің әлеуметтік жағдайына және экономикасына оң әсерін тигізеді.
07 қараша 2019 ж. 22 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области