Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар жаңа жылда неше күн демалады?

Қазақстандықтар жаңа жылда неше күн демалады?

Kyzylorda-news.kz. 1, 2, 3 және 4 қаңтар демалыс күні болады. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
«Демалыс күндері:
- 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;
- 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;
- 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», — делінген Қаулы мәтінінде.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
06 қараша 2019 ж. 19 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области