Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда латын әліпбиінің жаңартылған нұсқасы қабылданды

Қазақстанда латын әліпбиінің жаңартылған нұсқасы қабылданды

Kyzylorda-news.kz. Алматыда өтіп жатқан тіл мамандарының конференциясына қатсыушылар латын негізді әліпбидің жаңа нұсқасын бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіру керек деген тапсырмасына орай мамандар латын әліпбиінің бұған дейінгі нұсқасына тағы да 4 таңбаны қосқан.
Мамандардың айтуынша, олардың барлығы кірме дыбыстарға қатысты іске асырылған.
Біздің төл дыбыстарымыз бар болғаны 28 ғана, бұрынғыдай 42 емес. Біз осы 28 дыбысқа 28 таңба алдық. Алайда, біздің қоғамда орыс сөзіне әбден үйренген адамдар бар арамызда. Солар "футболды не деп жазамыз, вагонды не деп айтамыз" деген соң, амал жоқ тағы төрт таңбаны кіргізіп отырмыз. Ол "ч", "в", "ф" одан кейін "h" таңбасы. Бір шешімге келу үшін бір жағына көну керек, - дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, профессоры Әлімхан Жүнісбек.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек бұл жиында тіл мамандары тағы да басып қосып, латын әліпбиі төңірегіндегі өздерінің ортақ жобаларын қайтадан қарар түрінде қабылдап жатқандарын жеткізді.
Бұл жоба өте қарапайым. Орыс тілінде біздің кейбір дыбыстарымыз таңбаланбаған. Өйткені оларда ондай дыбыс болмаған. Мәселен W уе-дыбысымыз. Оны біресе В мен, бірде У мен берген. Яғни бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келді. Ал бізде W деген дауыссыз дыбыс. Taw, аwa, sawap дегендегі уе-дауыссыз дыбыс, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол бұған дейін біз 42 таңбаны пайдаланып жазып келгенімізден қате жазу етімізге сіңіп кеткенін, олардан бірте-бірте арыламыз деген ойын білдірді.
28 таңбаға әзірше Ф, В, Ч таңбаларын кіргізіп отырмыз. Оларды алып тастауға ешқандай қиындық жоқ. Қазақ чемпионды-шемпион десе ештеңе өзгере қоймас. Бізде қосарлы таңбалар болмау керек, олар түркі тілдеріне тән емес, - дейді Ерден Қажыбек.
Сөз арасында ол дәстүрлі тәсілдерді пайдалансақ деген ұсыныстары бар екенін айтты.
Мысалы, опостров, акут дегендердің латын тілдерінде өздерінің қызметтері бар. Ал мына ә-ө, ұ-ү дегендерді білдіретін екі нүкте жоғарыдан қойылады. Оны түріктер, немістер пайдаланады, сондай үйреншікті дәстүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, біздің жазғанымызды шетелдіктер де, түркі елдері де оқи алатындай қарапайым, нақты әдісті қолдану керек, - дейді ол.
Оның айтуынша, егер әліпби дұрыс болса түсіндірме жұмыстары көп уақытты алмайды. Кем-дегенде бір айда ел тез үйреніп кететін көрінеді.
06 қараша 2019 ж. 48 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области