Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Түрмелерде қызмет ететін имамдарға жалақы тағайындау ұсынылды

Түрмелерде қызмет ететін имамдарға жалақы тағайындау ұсынылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз имамдардың тынымсыз қызметін ескеріп, оларға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету керектігін айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚМДБ өзінің күнделікті сан-салалы қызметі барысында басты 4 бағыт бойынша жұмысының бірі ретінде деструктивті ағымдағы азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оңалту жұмыстарына қатысты тағы бір тәсіл – тарихпен тәрбиелеу. Тарих дегеніміз адамзаттың қоғамдық жады, өзін-өзін тануы, өткен өмірдің санада жаңғыруы. Ғұламалар «Адам рухы оятқың келсе, оның тарихын оят» дейді. Діни басқарма «Дін және тарихи тағылым» игі бастамасын одан ары жандандырып, жамағатты тарихтан алар сабақтармен сусындатып, салт пен тарихи санаға, әдет пен ғұрыпқа шекеден қарап, теріс көзқарасқа алданған діни ағымдар үшін арнайы жобаны қолға алды. Мақсатымыз – деструктивті діни ағымдардың тарихи әрі киелі жерлерге де сапарларын ұйымдастырып, тарихи санасын жаңғырту», - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан Дінтанушыларының ХІ форумында.
Оның айтуынша, салтты сақтауп, дәстүрлі діннің құндылықтарды дәріптеу керек.
«Осы ретте бірнеше ұсынысты ортаға салайын: біріншіден, «Тарих және діни сана» жобасын бірлесіп, жүзеге асыруды ұсынамын. Тарихи нысандар мен орындарға жасалатын жоспарлы сапар жамағаттың танымын, көкжиегін кеңейтіп, интеллектуалдық деңгейін арттырады. Бұл ретте сыртқы елдердің де тәжірибесін де алуға болады. Екіншіден, қоғамның ағартушы тобына жататын имамдардың тынымсыз қызметін ескеріп, оларға да әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасалса деген ұсынысымыз бар. Әсіресе, 100-ге жуық еліміздегі түзеу мекемелерінде жұмыс жасайтын дін қызметкерлеріне тұрақты жалақы тағайындалса дейміз. Бұл дін қызметкеріне көрсетілген құрмет пен әділ баға болар еді», - деді ол.
Бас мүфти сонымен қатар, Ақсақалдар институтының рөлін күшейту мәселесін көтерді.
«Өйткені, біз қарияның сөзіне қарсы шықпаған халықпыз. Бұл санаға сіңген салтымыз. «Қой» дейтін қожа бола білген қаншама қарияларымыз жат ағымға кеткен жастарға насихатын айтып, тәрбиесін түзеп келеді. Осы бағытта облыстық мешіт жанындағы Ақсақалдар алқасы мен аудан, ауылдардағы Билер кеңесі үлкен құрал бола алады деп ойлаймын», - деді ол.
Еске сала кетейік, елордада бүгін Қазақстан Дінтанушыларының ХІ форумы өтіп жатыр.
06 қараша 2019 ж. 29 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области