Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысындағы Әйтек су торабы апатты жағдайда

Қызылорда облысындағы Әйтек су торабы апатты жағдайда

Kyzylorda-news.kz. Сырдария өзені бойында орналасқан гидронысанның темір жақтаулары төмен сырғып, су асты бетон платформасы 6 метрге шөккен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар 12 арнайы техникамен күндіз-түні нысан басында. 2004 жылы 1,5 миллиард теңгеге салынған тораптың кепілдік мерзімі 20 жылға жетпей сыр берді. Секундына 700 текше метр су өткізетін гидроқұрылғы арқылы Жалағаш, Сырдария аудандарының егістігі суарылады. Сонымен қатар Еліктай, Соркөл және Әйтек каналдары толтырылады. Қазіргі таңда тоспа түгел құлап қалмауы үшін қабырғалары 13 тонна таспен бекітілді. Бірақ бұл уақытша қауіпсіздік шаралары болып саналады. Нысан толық жаңғыртылмай су түгел торапты шайып кетсе, 16 мың гектар алқап тіршілік нәрінен қағылады.
«Жыл аяғына дейін сүңгуірлерден құралған жобалаушы топ өкілдері нысанды толық зерттеуден өткізеді. Келер жылдың сәуір айына дейін жобалық-сметалық құжаттары дайын болуы тиіс. Өйткені егіс алқаптарын суару кезеңінде құрылысты бастап, 6 айда аяқтауымыз қажет. Ұзындығы 58, ені 54 метрді құрайтын нысанда қазір төтенше жағдай жарияланды. Жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі әзірге белгісіз», - дейді «Қазсушар» РМК филиал директорының орынбасары Хамит Биімбетов.
05 қараша 2019 ж. 154 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области