Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Мың бала» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Қызылордада «Мың бала» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының өңірлік байқауының қорытындысы өтті.
«Маңызы жоғары жобаны іске асыруда жыл басынан бастап облыс көлемінде түрлі форматта іс-шаралар өткізілді. Жазғы тынығу лагерлерінде ұлттық және спорттық ойын түрлерінен жарыстар, байқаулар ұйымдастырылды. Жобаға тартылған 500-ден аса жастар қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің маңыздылығын жете мән берді», – дейді байқауды ұйымдастырушылар.
Бүгінгі «Асыл сөз» мектебі» бағдарламасы аясындағы облыстық «Тіл мерейі» байқауына 8 оқушы қатысып, бақ сынасты. Бірінші кезеңде оқушылар Отан, тіл, патриотизм тақырыптарында эссе жазды. Екінші кезеңде қойылымдық мәнерлеп оқу сайысында қатысушылар қазақ ақындарының шығармасынан үзінді оқыды. Ал, үшінші кезең «Ораторлық өнер» сайысында оқушылар берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін танытты.
Өңірлік байқауға «Қоғамдық келісім» мекемесінің аға сарапшысы Шакизат Абдраманова, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің аға оқытушысы, ф.ғ.к Әсия Алмауытова, облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гаухар Айдарова төрелік етті.
Байқау барысында әділ-қазылар қатысушылардың сөйлеу мәнеріне, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына, актерлік шеберлігіне, таңдап алынған шығарманың ерекшелігіне мән берді.
Үш кезеңнің нәтижесі бойынша I орынды Қармақшы ауданындағы III Интернационал ауылының №108 орта мектебінің оқушысы Омар Латифов, II орынды Жаңақорған ауданындағы №56 орта мектептің оқушысы Диана Каюмджан, III орынды Қызылорда қаласындағы №198 орта мектептің оқушысы Дильшат Искаков қанжығасына байлап, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ендігі кезекте әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша іріктеуден өткен оқушылар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды шарасына қатысады деп күтілуде.





05 қараша 2019 ж. 27 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области