Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оқушылардың қысқы демалысы қашан басталады?

Оқушылардың қысқы демалысы қашан басталады?

Kyzylorda-news.kz. Апта басында, яғни 4 қараша күні елімізде оқу жылының екінші тоқсаны басталды. Оқушылар енді қысқы демалысқа 30 желтоқсан күні шығады.
Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп демалысының кестесін бекіткен болатын. Кестеге сәйкес, 2-11-сынып оқушылары 34 апта оқып, 30 күн демалады. Әдеттегідей, 1-сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі. Сондықтан олардың оқуы 33 аптаны құрайды.
2 және 11-сынып оқушыларының қысқы демалысы 30 желтоқсан мен 8 қаңтарға жоспарланған. Ал 1-сынып оқушылары өзгелермен бірге 30 желтоқсан мен 8 қаңтар қаңтар аралығында демалып, бұдан соң 3-9 ақпан аралығында тағы да демалыс алады.

Көктемгі демалыс қашан басталады?
8 қаңтарда басталған екінші тоқсан 21 наурызда аяқталады. Демалыс 2 сәуірге дейін созылып, төртінші тоқсан 3 сәуір күні басталады.
Жазғы демалыс соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады.
05 қараша 2019 ж. 23 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области