Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада полицейлер жолда қалған 2500-ден астам жолаушыларға көмек көрсетті

Қызылордада полицейлер жолда қалған 2500-ден астам жолаушыларға көмек көрсетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада полиция қызметкерлері ауа райының құбылуына байланысты жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соңғы күндерде Қызылорда облысында ауа райы күрт құбылып, қатты жел соқты. Кешке нөсер жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. Жол үстінде мұздың қатуына байланысты Арал ауданының «Самара-Шымкент» автожолының 1 343 шақырымында жол қозғалысы шектелді. Бұл аумақта жолдың үстіндегі көріну жағдайы төмен болды. Соған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» мекемесімен бірлесіп күшейтілген кезекшілік ұйымдастырды. Тиісті сала мамандары тәулік бойы патрульдік және бақылау жұмыстарын жүргізді.
«Нәтижесінде мамандар 1 мыңға жуық көлікте болған 2 500-ден астам жолаушы мен жүргізушіге көмек көрсетті. Көктайғақта жол жиегіне шығып кеткен автокөліктерге жедел көмек көрсетілді. Сондай-ақ, тасжолда әртүрлі техникалық ақауларға байланысты тұрып қалған автокөліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына алғашқы көмек жасалды. Осылайша дер кезінде көмек көрсету нәтижесінде бүгін сағат 08:30-дан бастап жол ашылып, қозғалыс қайта жанданды», - деп мәлімдеді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

05 қараша 2019 ж. 33 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области