Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш ауданында мал іздеуге шыққан адам адасып кетті

Жалағаш ауданында мал іздеуге шыққан адам адасып кетті

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданына қарасты Аламесек ауылынның 46 жастағы тұрғыны мал іздеуге шығып адасып кетті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.
Ауыл тұрғыны қатты жел тұрып, күннің күрт суытуы салдарынан адасып кеткен. Ол 3 қараша күні сағат 15.00-де мал іздеуге шыққан. Сол кеткеннен хабарсыз қалған азаматты құтқарушылар және жергілікті тұрғындар күшімен іздеу шаралары жүргізілді. Жоғалған азамат бір күннен кейін тоғай ішінен аман-есен табылды.
Брифинг барысында Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев аймақ тұрғындарына сақ болуды ескертті.
«Бүгінгі күндері Қызылорда облысында ауа-райының суыту жағдайы байқалып отыр. Сондықтан жергілікті тұрғындардың барлық сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді Ғабит Жаңабаев.
05 қараша 2019 ж. 31 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области