Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда қанша жас жұмыссыз жүр?

Қазақстанда қанша жас жұмыссыз жүр?

Kyzylorda-news.kz. Қазір республикада 3 млн 800 мыңнан астам жас бар, бұл жалпы халық санының 21 процентін құрайды екен. Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастар саны 81 мың адамды құрайды. Бұл туралы бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2019 жылдың екінші тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 процентті немесе 81 мың адамды құрады", - деді Абаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Оның айтуынша, жұмыспен қамтылған 2 миллионнан аса жастың арасында 77 проценті – жалдамалы қызметкерлер. Оның ішінде 388 мыңы – сауда саласында, 253 мыңы – ауыл шаруашылығында, 239 мыңы – білім саласында, 218 мыңы өнеркәсіп нысандарында еңбек етеді. Ал қалған 23 проценті – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
"Жастар жұмыссыздығымен байланысты проблемаларды шешу үшін "Жас кәсіпкер" және "Жас маман" жобаларын қоса алғанда, бірқатар бағдарламалық шара көзделген", - деді министр.
Сондай-ақ, Абаев "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы бойынша мамандарға берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке (252 мың теңге) дейін ұлғайтылғанын атап өтті.
Бүгінде Қазақстанда үш миллион сегіз жүз мыңнан астам жас бар. Бұл жалпы халық санының 21 проценті. Жас өлшемі бойынша 1 миллион 181 мың жас ювеналдық топқа жатады – бұл 14 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар.
Постювеналды топқа – 19-дан 23 жасқа дейінгі 1 миллион 161 мың азамат жатады. 24-29 жас аралығындағы ересек топ бір жарым миллион адамды құрайды.
04 қараша 2019 ж. 21 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области