Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада екі күн бойы дабыл жүйесі іске қосылады

Қызылордада екі күн бойы дабыл жүйесі іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 5-6 қараша аралығында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу аясында «Баршаңыздың назарына!» тұрғындарды құлақтандырудың бірыңғай жүйесі іске қосылады.
Осыған орай, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу кезінде алаңдаушылық тудырмай, тыныштық сақтауларын сұрайды.
«Баршаңыздың назарына!» – бұл ескерту дабылы. Бұл дабыл авариялар, зілзалалар, табиғи апаттар, қарсыластардың шабуыл қаупі туралы тұрғындардың назарын аударту мақсатында беріледі. Дабыл сиренаны, үзіліп шығатын дыбыс (гудок), көліктегі және басқа да құралдардағы дауыс зорайтқыштарды қосу арқылы беріледі. Дабыл берілген кездегі халықтың іс-әрекеті: сиренаны, үзіліп шығатын дыбысты (гудок) немесе т.б. естіген кезде тез арада радионы, теледидарды қосып, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің іс-әрекет тәртібі туралы хабарламасын тыңдаңыздар. Алынған ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, естіген іс-әрекет тәртібі бойынша әрекет етіңіздер, – делінген Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
04 қараша 2019 ж. 19 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области