Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданында соғыстың соңғы куәгері өмірден өтті

Қармақшы ауданында соғыстың соңғы куәгері өмірден өтті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданындағы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Қуанышбай Бисенбаев өмірден озды.
1925 жылы Жаңажол ауылында шаруа отбасында өмірге келген қарт майдангер бала кезінен бейнет көріп өсті. Әкесі Бисенбайдан еңбексүйгіштікті үйренсе, анасы Алмадан имандылықты бойына сіңіреді.

Майдангер 1943 жылы өзі секілді жерлестерімен бірге соғыс даласына аттанады. Арда азамат «Отан үшін» деп қан кешті, жан берді, тер төкті. Араға жеті жарым жыл салып елге аман-есен оралды. Ал соғыс аяқталған соң Чита қаласында шекара қызметінде болды.

1950 жылы әскерден елге келген соң теміржол саласында, кейін астық қабылдау мекемесінде ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнет демалысына шыққан.
04 қараша 2019 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области