Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық мұғалімдердің жартысы электронды күнделікті толтырудан босатылады

Қазақстандық мұғалімдердің жартысы электронды күнделікті толтырудан босатылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық мектептерде мұғалімдерді «Күнделік» электронды күнделікті толтырудан босатады. Алайда бұл интернет желісін пайдалануға техникалық мүмкіндігі жоқ білім мекемелеріне ғана қатысты. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрлігіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Елімізде 700 мектеп желінің жылдамдығының төмендігіне шығамдануда. Тағы 100 мектепте интернет мүлдем қосылмаған. Сондықтан мұғалімдер электронды күнделікті толтыру үшін аудан орталықтарына баруға мәжбүр. Депутаттар педагогтардың шағымын вице-премьерге жолдады.
Өз кезегінде білім министрлігіндегілер техникалық мүмкіндіктер жоқ мектептерде «Күнделікті» пайдаланбауға болады деп шешті.
«Егер мектепте кеңжолақты қолжетімділікке техникалық мүмкіндік болмаса, онда мектеп пен мұғалімдер баға қою үшін қиындыққа тап болмауы керек. Қазіргі уақытта каналдың жылдамдығы 750 мб-тен 2 гб-ге дейін жеткізілді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да ақпарат сақтау көлемі 5 ТБ-ге дейін арттырылды. Бұл жүйенің жұмысы үшін жеткілікті», - дейді білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.
Ал мектеп мұғалімдері мен директорлары «Күнделікті» толтырмаған жағдайда білім мекемесінің рейтингі төмендейді деп қорқады. Алайда сервис директоры мұндайды жоққа шығарып отыр.
«Вице-министрліктің орталық аппаратының және ІІМ басқармасы деңгейінде бақылау жүргізіледі. Мұнан басқа ешқандай рейтинг жоқ», - дейді «Күделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов.
01 қараша 2019 ж. 18 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области