Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада заңсыз аң аулаған 136 дерек анықталды

Қызылордада заңсыз аң аулаған 136 дерек анықталды

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың қазан айының 05-31 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды.
Шара барысында облыс бойынша барлығы 214 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесудің – 3, заңсыз аң аулау және аң аулау ережелерін бұзудың – 136 (оның ішінде 4 заңсыз аңшылық), заңсыз балық аулаудың – 53, азаматтық қаруды тасымалдау, сақтау ережесін бұзудың – 22 дерегі тіркелді. Аталған мерзімде 9 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Заңсыз аң, балық аулаумен және заңсыз бұталар мен ағаштарды кесумен ұсталған 7 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 12 қазанында Жаңақорғанда аудан тұрғыны басқаруындағы «ГАЗ-53» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан заңсыз сексеуіл бұталары анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы, 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бұған қоса, 23 қазан күні Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы тұсында 2 азамат түн мезгілінде қасқалдақ, үйрек атып жүрген жерінен ұсталды. Ұсталғандардан 20 дана құстардың өлі денесі анықталды. 1 аңшы мылтығы айғақ зат ретінде алынды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 382-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды. Одан бөлек, олардан мемлекет пайдасына материалдық шығын өндірілетін болады.
Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң және балық аулау талаптарын бұза отырып, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.


31 қазан 2019 ж. 40 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области