Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Адам туралы қызықты 100 дерек

Адам туралы қызықты 100 дерек

Kyzylorda-news.kz. Адам баласы – арқасымен жатып ұйықтайтын жалғыз жаратылыс. Сондай-ақ, адамдар ұйықтап жатқанда көрген түсінің 90 пайызын ұмытып қалады. Адам болмысы туралы мұндай қызықты деректерді біліп пе едіңіз?
1.Денеміздің қан айналмайтын жалғыз мүшесі - көздің қасаң қабығы. Ол оттегіге ауа арқылы қанығады.
2.Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан асады.
3.Нәресте 7 айлығына дейін бір уақытта тыныс алып, жұтына алады.
4.Адамның бас сүйегі 29 түрлі сүйектен құралған.
5.Мидан шыққан нерв импульсі сағатына 274 шақырым жылдамдықпен қозғалады.
6.Адам миы бір күн ішінде түрлендіретін электр импульстері бүкіл әлемдегі телефондардағыдан қарағанда әлдеқайда көбірек.
7.Орташа адам денесіндегі күкірттің мөлшері бір иттің үстіндегі бүргелердің бәрін жоя алады. Ал адам бойындағы көміртек 900 қарындаш жасауға, калий мөлшері ойыншық зеңбіректен атуға, май мөлшері 7 сабын жасауға жетеді. Сонымен қатар денеміздегі сумен 50 литрлік бөшкені толтыруға болады.
8.Адам жүрегі бүкіл өмірінде 182 миллион литр қан айдайды.
9.Сіз осы сөйлемді оқып отырған кезде, денеңіздегі 50 мың жасуша өліп, жаңасына алмасады.
10.Құрсақтағы нәрестенің 3 айлығында-ақ саусақ іздері пайда болады.
11.Ерлерге қарағанда, әйелдердің жүрегі жылдамырақ соғады.
12.Чарльз Осборн 68 жыл бойы ықылық атып жүрген.
13.Оңқай адамдар солақайларға қарағанда орташа есеппен 9 жылға артық өмір сүреді.
14.Адамдардың шамамен үштен екі бөлігі сүйіскен кезде басын оң жаққа қисайтады.
15.Адам ұйқыдағы кезінде көрген түсінің 90 пайызын ұмытып қалады.
16.Адам организміндегі қан тамыраларының жалпы ұзындығы — шамамен 100 мың шақырым.
17.Күзге қарағанда, көктемде адамның тыныс алу жиілігі орташа есеппен үштен бірге көбірек.
18.Адам өмірінің соңында орташа есеппен 150 триллион бит ақпаратты есінде сақтайды.
19.Адам денесіндегі жылудың 80 пайызын бастан шығады.
20.Сіз қызарған кезде, асқазаныңыз да бірге қызарады.
21.Организмде дене салмағының 1 %-ына тең су жоғалған кезде, шөлдеу сезімі пайда болады. Ал организмдегі судың 5 %-дан көбі жоғалғанда, адам есенін танып қалады, 10 %-дан көбі жоғалуы сусызданудан салдарынан өлімге алып келеді.
22.Адам денесінде кемінде 700 фермент жұмыс істейді.
23.Адамдар - арқасымен жатып ұйқытайтын жалғыз жаратылыс.
24.4 жасар бала күніне орташа есеппен 450 сұрақ қояды.
25.Адамдармен қатар, коалалардың саусақ іздері әртүрлі болып келеді.
26.Бактериялардың 1 пайызы ғана адамдарда түрлі дерт тудырады.
27.Ғаламшардағы барлық адамды әр қыры 1 000 метрлік текшеге ыңғайлы түрде жатқызуға болады.
28.Кіндіктің ғылыми атауы — умбиликус.
29.Тіс — адам организмінің өздігінен қалпына келе алмайтын жалғыз бөлігі.
30.Орташа есеппен адамға ұйықтау үшін 7 минут қажет.
31.Оңқай адамдар тамақтың басым бөлінін жақ сүйегінің оң жағымен, солақайлар сол жағымен шайнайды.
32.Дүние жүзіндегі адамдардың 7 пайызы ғана солақай.
33.Алма мен бананның иісі арықтауға көмектеседі.
34.Адам басында өмірінің соңына дейін өсетін шаштың ұзындығы — 725 шақырым.
35.Құлағын қимылдата алатын адамдардың тек үштен бірі бір құлағын қимылдата алады.
36.Адам өмірінде орташа есеппен 8 кішкентай өрмекшіні жұтып қояды.
37.Адам организмінде өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 келіні құрайды.
38.Адам организміндегі кальцийдің 99 %-ы тісінде.
39.Адамның ерні саусақпен салыстырғанда, жүздеген есе сезімтал. Нағыз сүйіс кезінде жүрек соғысы минутына 100 ырғаққа дейін жетеді.
40.Адамның тек бір жағындағы шайнау бұлшықеттерінің күші 195 келіге тең.
41.Адамдар сүйіскен кезде, бір-біріне 278 түрлі бактерия беріледі. Бағымызға орай, олардың 95 пайызы қауіпті емес.
42.Партенофобия — бұл пәк қыздардан қорқу.
43.Тіс кіреукесі — адам организмі бөліп шығаратын ең қатты тін.
44.Адам организміндегі бүкіл темірді жинаса, оның көлемі сағатқа арналған кішкентай бұранда сияқты ғана болады.
45.Тұмауға алып келетін вирустардың түрі 100-ден асады.
46.Ұзақ уақыт сүйісу ауыз қуысындағы қышқылдықты сағыздан қарағанда, әлдеқайда жақсырақ қалпына келтіреді.
47.Адам басын қабырғаға соққанда, сағатына 1500 килокалория жоғалта алады.
48.Адам — жануарлар әлемінің тік сызықтарды сала алатын жалғыз өкілі.
49.Адам терісі бүкіл өмірінде шамамен 1 000 рет өзгереді.
50.Әрбір адамның белінде шұңқыр бар. Ол тек кей адамдарда қатты білінеді, енді бірінде айтарлықтай білінбейді. Шұңқырлар жамбас пен құйымшақ бітіскен жерде орналасқан. Сондықтан олардың пайда болуын негізсіз деуге келмейді.
51.Әйелдер ерлерге қарағанда көзін 2 есе көп жыпылықтатады.
52.Адам организмінің құрамына 4 түрлі минерал кіреді: апатит, арагонит, кальцит және кристобалит.
53.Құштарлықпен сүйісудің миға әсері парашютпен секіргенмен немесе тапаншадан оқ атумен бірдей.
54.Ерлерде бойдың 130 сантиметрден, әйелдерде 120 сантиметрден қысқа болуы қортықтық саналады.
55.Адамның башпайларындағыға қарағанда, саусағындағы тырнақ 4 есе жылдам өседі.
56.Көзінің түсі көгілдір адамдар басқаларға қарағада сезімтал болып келеді.
57.Адам денесіндегі нерв импульстері шамамен секундына 90 метр жылдамдықпен қозғалады.
58.Адам миында 1 секундта 100 мың химиялық реакция орын алады.
59.Бала туылған кезде оның тақылжыры болмайды. Ол тек 2-6 жас шамасында пайда болады.
60.Егер бір жұмыртқалы егіздердің бірінің қандай да бір тісі болмаса, сыңарының да дәо сол тісі болмайды.
61.Адам өкпесінің бетінің аумағы шамамен теннис кортының аумағына тең.
62.Орташа есеппен адам бүкіл өмірінде сүйісуге 2 апта жұмсайды.
63.Шашы қара түсті ерлерге қарағанда, шашы сары ерлердің сақалы жылдамырақ өседі.
64.Адам организміндегі лейкоциттер 2-4 күн, эритроциттер 3-4 ай өмір сүреді.
65.Адам денесіндегі ең күшті бұлшықет — тіл.
66.Адам жүрегінің көлемі шамамен оның жұдырығымен бірдей. Ал ересек адамның жүрегінің салмағы 220-260 граммды құрайды.
67.Адам миында туылған сәттен бастап 14 миллиард жасуша болады. Оның саны өмір бойы ұлғаймайды. Керісінше, 25 жастан кейін ол күніне 100 мыңға азаяды. Бір парақты оқуға жұмсаған бір минуттың ішінде шамамен 70 мың жасуша өледі. 40 жастан кейін мидың деградациясы күрт жылдамдап, 50-ден кейін нейрондар кеуіп, мидың көлемі кішірейеді.
68.Бала туылған кезде денесінде шамамен 300 сүйек болады. Ал ересек кезіндегі сүйектердің саны — 206.
69.Адамның аш ішегінің ұзындығы тірі кезінде шамамен 2,5 метр болады. Ал өлгеннен кейін, ұзындығы 6 метрге жетеді.
70.Адамның сол жақ өкпесіне қарағанда, оң жағындағыға көбірек ауа сыяды.
71.Ересек адам күніне шамамен 23 мың рет тыныс алып, дем шығарады.
72.Ер адамның организміндегі ең ұсақ жасуша — аталық ұрық жасушалары.
73.Адамның аузында 40 мыңға жуық бактерия бар.
74.Адам организмінде шамамен 2 мың дәм рецепторы бар.
75.Адамның көзі түстің 10 миллион түрін ажырата алады.
76.Махаббат экстазына жауап беретін химиялық қосылыс (фенилэтиламин) шоколадтың құрамында кездеседі.
77.Адам жүрегі туындататын қысым қанды 4-қабатқа дейін жеткізе алады.
78.Адам теледидар көру кезіндегіге қарағанда, ұйықтағанда көбірек калорияны жояды.
79.Балалар көктемде тезірек өседі.
80.Оңқайларға арналған механизмдерді пайдалану кезіндегі ағаттық салдарынан жыл сайын 2 мыңнан аса солақай адам көз жұмады.
81.Әрбір 300-інші ер адам өзін ауызбен қанағаттандыра алатын болып шықты.
82.Адам күлгенде 17, қабағын түйген кезде 43 бұлшықетті пайдаланады.
83.60 жаста адамдардың дені дәм рецепторларының жартысын жоғалтады.
84.Ұшақпен ұшу кезінде адамның шашының өсу жылдамдығы екі еселенеді.
85.Адамдардың 1 пайызы инфрақызыл сәулені және тағы бір пайызы ультракүлгін сәулені көре алады.
86.Егер толықтай жабық бөлмеде қамалып қалсаңыз, ауа жетіспеушілігінен емес, көміртек диоксидінен улану салдарынан көз жұмасыз.
87.Статистика бойынша, 2 миллиард адамның біреуі ғана 116-жастан асады.
88.Орташа есеппен адам 24 сағатта 4 800 сөз айтады.
89.Көздің ішіндегі торда жарықты сезінгіш 137 миллион жасуша бар. Оның 130 миллионы қара-ақ түсті көруге арналған таяқшалар, ал 7 миллионы — түрлі түстерді көруге арналған селеубас жасушалар.
90.Біздің көзіміздің көлемі өміріміздің соңына дейін өзгермейді. Ал мұрнымыз бен құлағымыз өсуін ешқашан тоқтатпайды.
91.Адамның таңертеңгі уақыттағы бойы кешкіге қарағанда, шамамен 8 миллиметрге ұзынырақ.
92.Көздің анықтап көруге арналған бұлшықеттері күніне 100 мың рет қимылдайды. Адам аяғының бұлшықеттері осыншама мәрте жиырылуы үшін, күніне 80 шақырым жүру керек.
93.Жөтел — сағатына 100 шақырыммен қозғалатын ауаның жарылғыш заряды.
94.Неміс зерттеушілерінің мәліметінше, аптаның басқа күндеріне қарағанда, дүйсенбі күні жүрек ұстамасы ұстау қатері жоғары болады.
95.Сүйек болаттан 5 есе берік.
96.Көзіңізді ашып тұрып түшкіре алмайсыз.
97.Көбекіргін тырнақ тұқымқуалаушылықпен беріледі.
98.Қалыпты адам аштықтан қарағанда, ұйқысыздықтан жылдамырақ өледі. Егер адам 10 күн бойы ұйқытамаса, өліп кетуі мүмкін. Ал аштықтан өлу уақыты бірнеше аптаны құрайды.
99.Адам өмірінің орташа ұзақтығы — 2 475 576 000 секунд. Біз бүкіл өмірімізде орташа есеппен 123 205 750 сөз айтып, 4 239 рет төсек қатынасымен айналысамыз.
100.Адам бетінде шұңқырлар пайда болу үшін, отаға жүгіну міндетті емес. Ол үшін арнайы жаттығулар бар.
03 қараша 2019 ж. 20 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области