Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бананды кімдерге жеуге болмайды?

Бананды кімдерге жеуге болмайды?

Kyzylorda-news.kz. Құрамында витамин көп банан өте пайдалы болғанымен, кейбір адамдарға оны жеуге болмайды. Әрі бұл жемісті кішкентай балаларға бермеген жөн.
Банан – құрамында витаминдер көп өте пайдалы жеміс, дегенмен кейбір адамдарға банан жеуге болмайды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Ресейлік дәрігер Григорий Коневтің айтуынша, бананның құрамында қант көп, сондықтан бұл жемісті диабетпен ауыратындарға жеуге болмайды. Сондай-ақ тромбофлебитке шалдыққан және қаны қоюлануға бейім адамдарға бананнан бас тартқан жөн.
Бұдан бөлек, бұл жемісті екі-үш жасқа дейін балаларға бермеген дұрыс.
"Осы жастағы балалар банан жесе, іші кеуіп, өтуі мүмкін. Бұған қоса, бананның құрамында К витамині көп, ал оның ағзада көп болуынан эритроциттер бұзылып, бала сары ауруға шалдығуы ықтимал", - деп түсіндірді маман.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, бананды дұрыс тасымалдап, сақтамаған жағдайда ол адам денсаулығына зиянды болады. Бұдан бөлек, жемісті ұзақ уақыт сақтау үшін оны консерванттармен өңдейді.
03 қараша 2019 ж. 18 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области