Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУДАН ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ


    Жаңа жыл мерекесіне орай Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.
    Аудан басшысы алдымен Тілеуберген Тобабергеновтің отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген аудан әкімі сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
    Ал соғыс ардагері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.
    Бұдан кейін Мұрат Нәлхожаұлы Басықара ауылында тұратын соғыс ардагері Пірназар Мырзатаевқа да облыс әкімінің құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтар табыс етті. 97 жастағы майдангер 11 атқыштар полкінде пулеметші болғандығын айта келе, Жеңіс күнін неміс жерінде қарулас достарымен қарсы алған сәтін есіне алды.
    Аудан әкімі Қазалы қаласындағы Қалеп Бектұрғанов пен Бекарыстан би ауылындағы Қабақ Смағұлдың да үйіне барып, құрмет көрсетті.  Өз кезегінде ардагерлер бүгінгі ұрпақтан тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны қастерлеуін өтінді. Сонымен қатар, Елбасыға және жергілікті билік өкілдеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдірді.
    Мұндай құттықтау Кәукей ауылында тұратын ардагер  Лепес Әуесбаевқа да жеткізілді.


27 желтоқсан 2017 ж. 523 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области