Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралдық отбасыға пәтер кілті табысталды

Аралдық отбасыға пәтер кілті табысталды

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ "Зекет қоры" қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Арал аудандық Орталық мешіт" жамағаты және кәсіпкерлердің бірігуімен "Ел үлесі пәтерге" әлеуметтік жобасы аясында аралдық отбасы баспаналы болды.
Айта кетейік, аталмыш жоба басталғалы бері республика бойынша 142 баспана сыйға берілсе, Қызылорда облысының өзінде 16 үй әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табысталды. Бұл жолы да әдетінен жаңылмаған игі жоба Қызылорда облысына қарасты Арал ауданында тұратын жалғызбасты ана мен балаларын қуанышқа бөледі.
Пәтер кілтін табыстау салтанатына қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы, "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің бас имамы Болатбек Абуов, ҚМДБ "Зекет қоры" корпоративтік қорының Қызылорда обылысы бойынша өкілі Оңталап Жидебаев құттықтап пәтер кілтін табыстады.
Шара соңында өкіл имам Болатбек Абуов сол үйдің салынып бітуіне бас-қасында жүрген жанашыр азаматтарға ризашылығын жеткізіп, алғыс білдірді.
Сонымен қатар, ҚМДБ Зекет қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бас имам Болатбек Абуов Қазалы ауданының тұрғыны Ербол Тұрышовтың отасына көмек ретінде 50 мың теңге көлеміндегі қайырымдылық сертификатын анасы Айнагүл Аяпбергеноваға табыс етті.



21 қазан 2019 ж. 258 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области