Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сеулде бала қағып қашып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды (видео)

Сеулде бала қағып қашып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды (видео)

Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып кетіп, соңынан елден кетіп қалған Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып келді. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«14 қазанда баланы қағып кетіп соңынан Оңтүстік Кореядан кетіп қалған Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып келді. Ер адам Инчхон әуежайына сағат 7:50-де ұшақпен келіп қонған. Қазақстан Республикасы азаматының келу барысы Елшілік қызметкерлерінің бақылауында өтті. Дипломаттар жеке сұхбат барысында оның құқықтарын түсіндіріп, тергеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі ұстаным бағыты туралы кеңес берді», - делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі уақытта отандасымыз Чангвон қаласының тергеу изоляторында. Елшілік бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауда.
Рёнхап агенттігінің хабарлауынша, оқиға өткен айда Оңтүстік Кёнсан провинциясында болған. Бастауыш мектепте оқитын баланы көлік қағып кеткеннен кейін денсаулығына үлкен зақым келген, деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның Ұлттық полиция агенттігі.
Миына қан құйылған бала оқиғадан кейін ес-түссіз жатқан. Жеті жасар бала жан сақтау бөліміне түскен. Оның 18 жері сынған және басынан жарақат алған. Жәбірленушінің әкесі апаттан кейін баласының адамдармен сөйлесуге қорқатынын айтты. Зардап шеккен бүлдіршінге күрделі ота жасалды.
Ақпарат агенттігі қазақстандық 20 жастағы заңсыз иммигранттың жүргізуші куәлігі болмағанын атап өтті. Ол басқа адамның атына тіркелген көлікті айдаған. Сондықтан полиция жол апатына кінәлі адамды уақытында анықтай алмай, елден кетуге тыйым сала алмаған.
Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланғаннан кейін Оңтүстік Корея полицейлері қазақстандық әріптестеріне аталмыш оқиғаға қатысты шара қабылдауды өтінді. Осылайша олар қазақстандық полициямен бірлесіп, заң бұзушының жүрген жерін анықтады. Жол апатына кінәлі жігіт Павлодардағы үйінен табылды.
Сондай-ақ, Оңтүстік Корея қазақстандық әріптестеріне күдіктіні Сеулге экстрадациялау туралы өтініш білдірді. Сеулдегі Қазақстан елшілігінің көмегімен оңтүстіккореялық тарап жас жігітті өз еркімен елге қайтуға көндіре алды.
Қазақстандық Интерпол жүргізген тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын мойындап, Оңтүстік Кореяның полициясына өз еркімен берілу жөнінде шешім қабылдады.
Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Корея заңсыз шетелдік азаматтардың елден кету ережелерін қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді олар елден кету ниеті туралы алдын ала 3-15 жұмыс күнінде хабарлауы керек.


14 қазан 2019 ж. 174 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области