Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда нан қымбаттайды

Қазақстанда нан қымбаттайды

Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасы аздап өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазір нан бағасы өңірге байланысты 75-78 теңге. Мен баға болар-болмас өседі деп топшылап отырмын. Шамамен 80-82 теңгеге дейін", - деді Омаров үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министрлік нан бағасының күрт өсуіне жол бермес үшін Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, астық сатып алуда. Бұдан бөлек, әр облыс әкімдігі тұрақтандыру қорларына бидай мен ұн сатып алып, қамданып жатыр.
"Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін, әр жылдың ақпанынан шілдесіне дейін Азық-түлік корпорациясы ұн тарту комбинаттарына 150 мыңнан 250 мың тоннаға дейін бидай сатады. Биыл нан күрт қымбаттамас үшін біз ішкі нарыққа 150 мың тонна астық өткіздік",- деді ведомство басшысы.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, республикада 19,1 миллион тонна астық бастырылды.
Жаздың ыстық және құрғақ болуына байланысты дәнді дақылдардың өнімділігі төмендеген. Аптап ыстық пен толассыз жауын-шашын астықтың сапасы мен өнімділігіне әсер еткен.
Үкімет отырысында министр биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 миллион тоннаны құрауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 миллион тоннаға кем.
14 қазан 2019 ж. 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области