Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жұмыссыз жастардың 440 жобасы қолдау тапты

Қызылордада жұмыссыз жастардың 440 жобасы қолдау тапты

Kyzylorda-news.kz. Биыл жастарды еңбекпен қамтуда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлескен «Жас кәсіпкер» жобасы іске асырылды. Нәтижесінде 503 жұмыссыз жүрген жас, мүмкіндігі шектеулі жастар, жас отбасы мүшелері оқытылып, 440 жоба сәтті қорғалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов мәлімдеді.

«Жас маман» жобасы негізінде еңбек ресурстары балансына сәйкес қажетті кадрларды даярлайтын 10 колледж тізбесі жасақталды. Сонымен қатар, оқу орындарында ауыл шаруашылығы, ветеринария, қызмет көрсету, құрылыс, техникалық және технологиялық, балық шаруашылығы, темір жол, өндіріс, тау-кен металлургия салалары бойынша оқыту бағдарламалары бекітілді» - деді Қуаныш Қуантқанұлы.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге бөлінген гранттар нәтижесінде 21 млн. теңге болатын 44 бизнес жобаға қолдау көрсетілген.
Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту мәселелері бойынша облысымызға белгілі 7 құрылыс компанияларына 70 адамға жұмысқа тұру үшін квоталар бөлінсе, 196 жас жұмысқа қабылданған.
14 қазан 2019 ж. 174 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области