Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту басталады

«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту басталады

Kyzylorda-news.kz. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуда 79 жобалар енгізілді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.
«Бағдарлама аясында 2020 жылы республикалық маңызы бар ұзындығы 412 км құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасының құрылыс жұмыстары басталу жоспарлануда. Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасына тиісті қаражаттар бөлінді. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 195 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелері және көпірлер жөндеуден өткізілуде», - деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Биыл Қазалы ауданының «Әлсейіт» көпірін, Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде «Шіркейлі» арнасы көпірі пайдалануға берледі. Ал Шиелі кентіндегі теміржол арқылы өтетін автомобиль көпіріне облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, сатып алу конкурсы жүргізілуде. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Жаңақорған ауданының «Келінтөбе-Қандөз-Көктөбе» ұзындығы 47 км құрайтын автомобиль жолына жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 28 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті.
11 қазан 2019 ж. 397 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области