Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 12 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

12 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар


Бразилияда сәби күні
Мұндай мерекені атап өту ұсынысын алғаш рет 1920 жылы Galdino do Valle Filho федералды жиынының депутаты жасады. Нәтижесінде 1924 жылы Бразилия президенті Артур Бернардес ұсынысты құптады. Осылайша 12 қазан бразилиялық балалар үшін ресми мереке болып бекітілді.

1922 жылы Бүкілодақтық Орталық атқару комитетінің қаулысымен Перовск қаласының атауы Ақмешіт болып өзгерді.

1965 жылы Өскемен әуежайына алғаш рет АН-24 лайнері қонды, Өскемен мен Алматы арасындағы тікелей әуе рейстері ашылды.

1991 жылы Қазақстан Жастар одағы құрылды. Басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, елдегі жоғары оқу орындары студенттерінің мәдени және экономикалық құқықтарын қорғау.

1997 жылы Алматыда Ұлттық ақпарат орталығы ашылды.

1998 жылы композитор Шәмші Қалдаяқовтың (1930-1992) Алматыдағы зиратына ескерткіш қойылды.

2000 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу және беру ережесін бекіту туралы» Жарлығы жарық көрді.

2011 жылы РФ Астрахан облысы Шағын Арал ауылында Бөкей хан кесенесінің ашылу салтанаты өтті. Бөкей хан тарихқа Бөкей ордасының негізін қалаушы ретінде енді. ХІХ ғасырдың бас кезінде қазақтар жоңғар тайпаларын ығыстырып шығарған тұста ол І Павел патшамен келіссөз жүргізіп, Жайықтың оң жағалауын иеленді. 1812 жылы Бөкей ордасын құрды, бұл мемлекет 1845 жылға дейін өмір сүрді. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің арасында, қазіргі Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында, сондай-ақ ішінара қазіргі Қазақстанмен шектесетін Ресей жерлерінде орналасты. Бөкей хан Астрахань облысында, өзінің рухани ұстазы, ғұлама Сейіт бабаның қабірінің жанына жерленді.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «proof» сапасымен номиналдық құны 100 теңгелік «Барыс» және номиналдық құны 500 теңгелік бір гауһар орнатылған «Үкі» ескерткіш алтын монеталарын айналымға шығарды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысымен А.Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді.
12 қазан 2019 ж. 95 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области