Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұр-Сұлтанда Disneyland салынады

Нұр-Сұлтанда Disneyland салынады

Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласында Disneyland ойын-сауық паркін салу жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Disneyland бойынша инвестор тарту үшін арнайы жер телімін қарастырып жатырмыз. Оны инфрақұрылыммен, сумен және электр қуатымен жабдықтау қажет. Жақын арада жер учаскесін және инвесторды анықтаймыз», - деді Е.Бекмырзаев елордада Бүкіләлемдік туристік ұйымның VIII жаһандық саммитінде.
Оның айтуынша, ойын-сауық нысаны парк ретінде салынады.
«Disneyland өз қаражатын ақтайтындай деңгейде салынуы тиіс. Жыл бойы жұмыс істеу үшін оны жабық парк ретінде ойланыстырған жөн. Бізде Қызылорда мен Шымкенттегідей ауа райы жоқ. Бірақ, инвестор келуі үшін жағдай жасау қажет», - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, елордада Бүкіләлемдік туристік ұйымның (UNWTO) қала туризміне қатысты VIII жаһандық саммиті басталды. Онда ақылды қалаларды дамыту арқылы қаланың өзекті мәселелерін шешу, қаланы басқару, тұрақты даму, инновациялар мен технологиялар тақырыптары талқыланбақ. Жиынға әлемнің 80 елінен 1400 қатысушы жиналды.
Шара барысында ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласын әлемнің ТОП-50 тартымды туристік бағытына енгізу көзделіп отырғанын атап өтті.
10 қазан 2019 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области