Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды үзіліссіз 8 сағат бойы қабылдады

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды үзіліссіз 8 сағат бойы қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қабылдауға жазылған тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қала әкімі Н.Нәлібаев пен жауапты басқарма басшылары да қатысты.
Азаматтарды қабылдау үзіліссіз 8 сағатқа созылып, 70-тен аса тұрғын аймақ басшысының қабылдауында болды.
Келгендердің негізгі мәселесі тұрғын үй, әлеуметтік мәселе мен білім және денсаулық салаларына қатысты.
- Соңғы жылдары қаламызда 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Осы жылы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеушілігімен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Бүгінде Сырдарияның сол жағалауында 25 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кілті табысталды, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Қабылдауда баласы Қанат Жудабаевтың 1 санаттағы мүгедек екенін, үй кезегінде 13 жыл бойы тұрғандығын айта келген Роза Асқарова кезегінің жақындағанын білмей, пәтер сұрап келген. Аймақ басшысы Роза Асқароваға кезегінің келіп, Сырдарияның сол жағалауынан пәтерлі болғандығын айтып,қуантты. Баспаналы болған ана облыс әкіміне алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Қабылдауға келген бір топ ақсақалдар Сырдария ауданы, Айдарлы ауылындағы аяқ су мәселесі және каналдардың қоқысқа толып, тазаланбай тұрғанын көтерді. Қуанышбек Досмайылұлы келесі жылы егін маусымына дейін каналдарды тазалап, аяқ су жеткізу мәселесін шешуді жауапты сала басшыларына тапсырды.
Жеке мәселе ғана емес, түгел ауылының, облыс орталығында өзі тұратын шағын аудан, көшелерінің мәселесін көтеріп қоғамдық ахуалды айтқан азаматтар да сұрақтарына жауап алды.
Облыс әкімінің қатысуымен дәл осындай қабылдаулар алдағы уақытта да өткізілетін болады.

10 қазан 2019 ж. 32 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области