Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының әкімі Германиядан келген өкілдермен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Германиядан келген өкілдермен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Казлепрозорий» мемлекеттік мекемесінің 90 жылдық мерейтойына орай келген шетелдік қонақтармен кездесті.
1953 жылы Қазақ Республикалық лепрозорийінде эпидемиологиялық бөлім ашылған. Қазақ лепрозориясының дәрігерлері лепраны емдеуге сульфондық препараттарды алғаш рет табысты қолданғандардың бірі. Оған қоса жаңа препараттарды (СИБ-аның майлы суспензиясы, пирогенал, лампрен, ацедиасульфон, рифампицин және басқалары) комбинациялық терапиялауды практикаға енгізе алды.
– Осы сәтті пайдалана отырып, бұл дертпен күресуде ыждағаттылық танытып, қосымша білімін жетілдіріп науқастарға көмек көрсетіп жүрген дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, бүгінгі шараға арнайы Германиядан келген, Германияның туберкулезге қарсы күрес қауымдастығының мүшесі Драбик Романа ханымға да ризашылығымды білдіремін,- деді аймақ басшысы.
Драбик Романа ханым Динслакен қаласынан бүкіл әлемдік алапес пен туберкулезбен күресу қауымдастығын ашқан. 40 жылдан астам уақыт бойы бұл қоғамдастық әлемнің көптеген елдерімен белсенді түрде бірлесіп жұмыс істеп келеді және науқастарға үлкен материалдық көмек көрсетуді де жолға қойған. 1995 жылдан бастап, қоғамдастық Қазақстан Республикасымен де бірлескен профилактикалық жұмыстарын бастаған.
Айта кетейік Драбик Романа ханым алапес дертіне арналған халықаралық конференцияларды, конгрестерді де ірі көлемде қаржыландыруға демеушілік әтіп келеді.
Осы дертке шалдыққан науқастарға демеу болып, науқастарға көмегін ұсынып жүрген Драбик Романа ханымға аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Алғыс хат табыстады.


10 қазан 2019 ж. 14 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области