Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ең пайдалы және зиян нан анықталды

Ең пайдалы және зиян нан анықталды

Диетолог-дәрігер Елена Соломатина "Вечерняя Москваға" адам ағзасына пайдалы және зиян нан түрлерін айтып берді. Дәрігер нан таңдау барысында оның құрамымен толық танысып алу қажет екенін атап өтті. Нанның құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым жақсы.
Егер нанның құрамы ұн, су және тұздан тұрса оңтайлы. Осылайша, дәстүрлі шығыс наны - лаваш, пури тандыр наны не Жерорта теңізі питаны жарайды. Не Италия наны чиабаттаны қолдануға болады, алайда бұл нан түрін құрғақ ашытқымен жасайды. Сонымен қатар кебектен жасалған нан түрінің де пайдасы көп. Нан жасау үшін қолданатын ұн түрі көбіне жоғары сұрыпты емес, екінші сорттағы не қарабидай ұны болғаны абзал.
"Пайдасы жағынан бірінші орынға қарабидай нанын қояр едім. Бірақ қаптаманың сыртында қарабидайдан жасалған деп жазылғанымен, көбіне құрамында қарабидай болмауы мүмкін. Өндірушілер бидай ұны мен бояғыштар қосады. Қарабидай егістік алқаптары жоқтың қасы. Сондықтан қаптамадағы құрамды мұқият қарау қажет", - дейді диетолог маман.
Диетологтың айтуынша, көбіне адамдар қарны аш болған кезде жаңадан піскен өнімді алуы мүмкін. Бұл - дұрыс емес. Бүгінде нан өнімдерінің нарығында қызықтыратын дүниелер көп. Үлкен супермаркеттерге кіргенде нанның хош иісі аңқып тұрады. Дәл сол жерде нан пісіріп жатқандай көрінеді.
Маманның айтуынша, бұл жай ғана маркетингтік әрекеттер. Ірі супермаркеттерде нанды тек жылытып қояды екен.
Дәрігер жасанды қосындылармен әзірленетін нан түрлерінің инсулинорезистент пен диабеттің екінші түріне алып соғуы мүмкін. Қопсытқыштар мен дәмдеуіштер нанның дәмін өзгертуі мүмкін, бірақ бұл денсаулыққа зиян.
13 қазан 2019 ж. 134 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области