Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кейбір адамдардың аяқ-қолы неге мұздай болып жүреді?

Кейбір адамдардың аяқ-қолы неге мұздай болып жүреді?

Kyzylorda-news.kz. Көптеген адам жыл мезгіліне қарамастан, үнемі аяқ-қолдары тоңып жүретінін айтады. Мамандар қол-аяқтың үнемі мұздап жүруі қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтады.
Бұл қаназдықтың белгісі болып саналады. Яғни ауаны "тасымалдайтын" қанның қызыл түйіршіктері жетіспейді. Ал қаназдық кезінде адам жұмыс істеу қабілеті төмендеп, физиологиялық және психологиялық дамуына кері әсер етеді. Егер қаназдықтан емделмесе, бұл созылмалы ауруға айналып кетуі мүмкін.
Қолдың үнемі "тастай" болып жүруі қанның құрамындағы қанттың төмендеп кеткенінің де белгісі болуы мүмкін. Егер де әлсіреп, үнемі шөл қысып, дәретханаға жиі бара берсеңіз, дәрігерге барып қант диабетіне тексеруін сұраңыз.
Қолдарыңыздың суық болуы қан ұюының да белгісі болуы ықтимал, яғни артерия мен тамырлар қою қанның ұйып қалуы салдарынан бітеліп қалуынан саусақтарыңыз ауырып, әрең жылынады.
Аяқ-қолдың сұп-суық болып жүруі Рейно атты қауіпті аурудың белгісі болуы мүмік. Ол ұсақ артериялардың зақымдануынан адамның қолдары көгеріп, мұздай болып жүреді. Сонымен қатар, суық қолдар қан айналымы мен қан қысымының дұрыс болмауының белгісі.
13 қазан 2019 ж. 153 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области