Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алудың екі шарты белгілі болды

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алудың екі шарты белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев парламент кулуарында зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алудың екі шартын атады. Оның сөзінше, үкімет қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға рұқсат беру үшін, жинақ көлемі мен адамның өмір сүретін болжалды жасын негізге алады, деп хабарлайды Stan.kz.
Сапарбаевтың сөзінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға рұқсат беру мәселесі бойынша нақты шешім әзірге қабылданған жоқ. Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр, дейді. Жұмыс тобы нақты ұсыныстарды дайындағаннан кейін, мәселе қоғам талқысына ұсынылады.
«Бәрі әрбір қаазқстандықтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден, адам өмірінің ұзақтығына, яғни біздің қазіргі есептеулеріміз бойынша, нақты бір азаматтың зейнет жасында шамамен қанша өмір сүретініне қарайтын боламыз. Яғни зейнетақы жинағы осы уақытқа жете ме, жоқ па, сол жағына қараймыз», - дейді вице-премьер.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін шешіп алуға рұқсат беру мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырған еді.
09 қазан 2019 ж. 20 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области