Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2020 жылдан көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

2020 жылдан көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

Kyzylorda-news.kz. Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан белгілетен мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдан бастап төленеді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егер де біздің ұсынымыз қолдауға ие болса, яғни тиісті заң жобасы қабылданса, 1 қаңтардан бастап осы жәрдемақыны төлеуді жоспарлап отырмыз», - деді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің сөзіне қарағанда, елімізде көпбалалы 343 мың отбасы бар. Солардың ішінде төрт балалылары 61 пайызды, бес балалылар – 27 пайыз, алты балалылар – 9 пайыз, жеті және одан көп баласы барлар 3 пайыз деңгейінде.
Бұдан бұрын хабарланғадай, көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақыны беру ұсынылған.
Сондықтан ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын болады. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған.

09 қазан 2019 ж. 40 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области