Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Серікболсын Маденов: «Кәсіби қабілеттілігі жоғары жастар ел дамуына еңбек етуі керек»

Серікболсын Маденов: «Кәсіби қабілеттілігі жоғары жастар ел дамуына еңбек етуі керек»


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын асыға күткен жастардың бірімін. Себебі, елдің жаңа бағдарын айқындауда Президент Жолдауы бағдаршам болатыны анық.
Бұл ел Президенттің алғашқы жолдауы болғандықтан, халық арасында қатты қызығушылық тудырғаны рас Жолдау мемлекетіміздің Президентінің сайлауалды бағдарламасының негізінде жасалғанын ескерсек, оның мемлекет дамуында елеулі үлес қосатыны және Президенттік басқарудың басты бағыттарын белгілейтіні анық. Президент Жолдауында жан-жақты қамтылған мәселелерді қарқынмен жүзеге асыратын болсақ, еліміздегі жұмыссыз жүрген жастардың саны азайып, білімді, кәсіби қабілеттілігі жоғары жастар саны артары сөзсіз.
Мемлекет басшысы жолдауында білім беру саласына ерекше тоқталып, білім индустриясына айрықша мән берді.
«Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек», деді ол.
Білім – капитал, байлықтың көзі десек, дарынды жастарды қолдау құптарлық жайт. Қазір қоғамнан өз орнын таба алмай жүрген дарынды жастар бар. Олардың потенциалын елдің дамуына пайдаланған жөн.
ХХІ ғасырда білім басты құндылық. Бірақ құндылық қай уақытта құндылық ретінде танылады? Құндылық ретінде бағаланып, іске асырылғанда ғана. Жалпы құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Жолдауда осыны тануға болады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жолдауында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керектігіне тоқталды. Бүгінгі таңда ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы айқын байқалса, ендігі кезекте, білімді де, білікті мамандардың алтын бесігіміз – ауылды көркейтуге атсалысу қажет.
Ендігі кезекте, баршамыз Жолдауда аталған міндеттерді қажырлы еңбекпен, бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгіп атқаратын болсақ, еліміз даму жолында тағы да бір сатыға көтерілетіні анық.

Серікболсын МАДЕНОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Қармақшы аудандық бөлімшесінің маманы,
аудандық жастар депутаты,
экономика және бизнес магистрі.
09 қазан 2019 ж. 30 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области