Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Шиеліде электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жоба аясында электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ЭМ АЭҚБК Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті хабарлады.
«Ағымдағы уақытта төмен кернеулі (400 Вольт) электр тарату желілері жоба бойынша СВ-95-2 – 4048 данадан 3162 данасы немесе 78% электр беру желілерінің тіректері орнатылды және 85,128 км-дің 55,124 км немесе 65%, СИП – 4 сымдары (өздігінен басқарылатын оқшауланған сымдар) құрастырылып ілінген, бір фазалы электр энергиясын есептеу шкафтары 2871 данадан 430 данасы немесе 15% орнатылған.
Орта кернеулі (10000 Вольт) электр желілерін жаңғырту бойынша СВ-105-5 – 110 данадан 107 данасы жоба бойынша осы үлгідегі немесе 97%, СВ-110-5 – 2 данасы немесе 15% жоба бойынша осы түрдегі барлық электр беру желілерінің тіректері орнатылды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл жұмыстар Шиелі ауданының электр энергиясы желілерін жаңғырту тұтынушыларды апатсыз және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, электр желілеріндегі шығындарды, оның ішінде коммерциялық шығындарды (электр энергиясын ұрлау) төмендетуге мүмкіндік береді.
08 қазан 2019 ж. 180 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области