Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Тілдарын – 2019» олимпиадасы өтті

Қызылордада «Тілдарын – 2019» олимпиадасы өтті

Kyzylorda-news.kz. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық «Тілдарын – 2019» олимпиадасы өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдауды мақсат еткен шараға облыс аумағындағы жалпы орта білім беру ұйымдарынан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 11 талапкер қатысты.

Төрт деңгейлі тапсырмалар беріліп, нәтижесі сарапқа салынатын шарада қатысушылардың біліктілігі мен қабілетін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов бастаған қазылар алқасы бағалады. Онда талапкердің тілдерді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен сөздердің дұрыс дыбыс¬талуына, тіл шеберлігі мен сөздік қорының байлығына мән берілді.
Байқаудың бас жүлдесін Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсел Әбдірайым иеленсе, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті Олжас Әбдіхалық І орынға қол жеткізді. ІІ орынды Қазалы ауданындағы №276 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анэль Әбдіраш, Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Айдана Әнуарбек ІІІ орын еншіледі.
Сондай-ақ, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 2-курс студенті Нұркен Ақбергенов пен Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 3-курс студенті Асылгүл Жангелдиева ынталандыру сыйлығына ие болды.
Айта кетейік, облыстық олимпиаданың жеңімпазы 6 қарашада Шымкент қаласында өтетін сайыстың республикалық кезеңінде бақ сынамақ.
08 қазан 2019 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области