Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медреселерде әл-Фараби мен Абайды оқыту қолға алынбақ

Медреселерде әл-Фараби мен Абайды оқыту қолға алынбақ

Kyzylorda-news.kz. Елордада бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Төралқа мәжілісі өтті, деп мәлімдейді Muftyat.kz.
Мәжіліс жұмысына ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен облыстың бас имамдары қатысты.
Күн тәртібінде түркі әлемінің танымал ғұламалары - әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында медресе-колледждерде, "Нұр-Мүбәрак" университетінде, Ислам институтында, мешіттердегі діни сауат ашу курстарында әл-Фараби, Абай оқуларын ұйымдастыру шараларына қатысты жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар, ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданатын құжаттардың мәтіні пысықталды.
Мәжіліс соңында бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы ҚМДБ қызметкерлері мен облыс имамдарына нақты тапсырмалар берді.

08 қазан 2019 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области