Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әбдіжаппар Әлқожа Қармақшы ауданына жаңа мешіт сыйлады

Әбдіжаппар Әлқожа Қармақшы ауданына жаңа мешіт сыйлады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Алдашбай ахун ауылында жаңа мешіт ашылды.

Мешіттің ашылу рәсіміне қатысқан ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, елімізге белгілі теолог, исламтанушы, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Ә.Сманов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев, ауыл ақсақалдары және С.Ерімбетұлының ұрпақтары сөз сөйлеп, салтанатты түрде мешіт лентасын қиды.
Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожаның демеушілігімен салынған жаңа құлшылық үйі 70 адамдық ерлер залы және 30 адамдық әйелдер залынан тұрады, яғни жалпы сыйымдылығы 100 адамға шақталған.
07 қазан 2019 ж. 35 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области