Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 73 мың теңге: көпбалалы отбасыларға төленетін жаңа жәрдемақының мөлшері жарияланды

73 мың теңге: көпбалалы отбасыларға төленетін жаңа жәрдемақының мөлшері жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.
"Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орташа есеппен 10-11 мың теңге. Бұл 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған осыған ұқсас жәрдемақы мөлшерінен 7-8 есе артық болады", - деді Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осылайша, 4 баласы барлар – 42500 теңге;
5 баласы үшін – 53125 теңге;
6 баласы барлар – 63750 теңге;
7 бала тәрбиелеп отырған отбасылар 73375 теңге алады.
Нұрымбетовтің айтуынша, егер көпбалалы отбасы табысына қарай тұрмысы төмен отбасы санатына жатса, онда бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларға кепілді әлеуметтік пакет тағайындалады. Сөйтіп көпбалалы тұрмысы төмен отбасы мемлекет тарапынан үш әлеуметтік көмек пакетіне ие болады.

07 қазан 2019 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области