Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Назарбаев мектебінің оқушылары ұстаздарға құрмет көрсетті

Назарбаев мектебінің оқушылары ұстаздарға құрмет көрсетті

Kyzylorda-news.kz. Ұстаздар күніне орай Назарбаев Зияткерлік мектебінде мерекелік шара ұйымдастырылып, мұғалімдер шәкірттерінің ерекше құрметіне бөленді.
Барлық мамандықтың анасы атанған – мұғалім қауымының кәсіби мерекесін зияткерлік мектеп ұжымы сән-салтанатымен атап өтті. Білім ордасында қызмет ететін барлық педагогтер бас қосып, оқушылардың концерттік бағдарламасынан керемет әсер алды.
Мерекелік шарада мұғалімнің қарбалас бір күні көрініс тауып, «жеті шешеннің» ұстаздарға арнаған жырымен жалғасты. Шәкіртінің бойындағы сан алуан қасиеттерін дөп тауып, талантына жол ашатын, бағыт сілтейтін жанашыр ұстаздар шығармашыл балалардың орындауындағы әсем әндерден ерекше әсер алып, мағыналы музыкалық қойылымдардан өздеріне деген ыстық ықыласын байқады.
Бір ғана емес, мыңдаған адамның бақытын сомдап, шыңдауға бағыттайтын педагог қауымын мектеп директоры Бахыт Жұматай құттықтап, мұғалімдердің қоғамдағы алар орны маңызды екенін атап өтті.
«Ұлттық мүддені өз мүддесінен жоғары қоятын, елінің игілігі үшін аянбай еңбек ететін білімді, білікті тұлғаның қалыптасуына үлес қосатын мектеп болса, оның тірегі, жаны – мұғалім. Мектебіміздің алты жылға жуық уақыт аралығында толағай табыстарға жетуі Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Сондықтан, осындай салтанатты сәтте Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен шығармашылық ізденістер тілеймін», – деді мектеп басшысы.
Сондай-ақ, мерекелік шараға саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры Күлбарам Сәдуақасқызы, ҚР білім беру ісінің үздігі Күләй Ермағанбетова және білім беру саласының ардагер ұстазы Жұпаркүл Иманбаева қатысып, мектеп ұжымының атынан сый-сыяпатқа бөленді. Ал, өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие мен бағалы білім беруде өлшеусіз еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін мектептің бірқатар ұстаздары мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.
Концерттік бағдарлама әрі қарай мұғалім мен оқушының орындауындағы қазақтың бас ұстазы Абай Құнанбаевтың тәрбиелік мәні зор өлеңдерімен және ұлт-аспаптар ансамблінің тебіренді күйлерімен жалғасты.
Концерт соңында оқушылар «Ұстазым» әнін хормен шырқап, мұғалімдеріне деген ерекше құрметі мен шексіз алғыстарын жеткізді.
04 қазан 2019 ж. 140 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области