Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырбойылық оқушылар «Экологиялық сағат» республикалық акциясына қатысуда

Сырбойылық оқушылар «Экологиялық сағат» республикалық акциясына қатысуда

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Мемлекет басшысы ұсынған «Бірге –таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында аймақтағы барлық білім ұяларында экологиялық сағат өтуде. Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысты.

Мемлекет басшысы ұсынған «Бірге – таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында бүгін еліміздегі орта мектептердің барлығында өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелеріне тарту мақсатында республикалық экологиялық сағат өтуде. Облыстағы 293 мектептен 160 мыңнан астам оқушы осы акцияға қатысып, өздері оқитын мектеп аулаларына ағаш отырғызды.
Өздеріңізге белгілі, аймақтардың экологиялық ахуалының жақсаруына аса мән беріп келеді. Оның ішінде Арал өңірі Елбасы мен Президенттің ерекше қамқорлығында. Оған дәлел - Елбасының бастамасымен іске асырылып жатқан «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» (САРАТС) жобасының жүзеге асырылуы.
Аймағымыздың жер көлемі 24 млн. гектар болса, 6,5 млн. гектары орман қорының жері. Оның 50%-і орманды алқап болып есептеледі.
- Біздің ендігі міндетіміз - ежелгі заманнан қасиетті және киелі саналған Сыр өңірінің табиғи ресурстарына ұқыпты қарау, қорғау, сақтау және жақсарту болуы керек. Ол үшін ұлт болашағының негізі - ұрпақ тәрбиесін жетілдіру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет,- деді Наурызбай Байқадамов.
03 қазан 2019 ж. 43 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области