Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Суық антициклонның Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысуына байланыста елімізде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Тек батыс өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Кей өңірде түнде үсік жүруі мүмкін.
Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде түнгі ауа температурасы – -1-7°С. Кей жерлерде сынап бағасына -12°С-қа дейін төмендейді.
Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с-ке дейін жел соғады.
Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Қызылорда облысында түнгі уақытта 1-3°С үсік жүруі мүмкін.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары.
3 қазанда Нұр-Сұлтанда түнде +2 градус нөлден жоғары, ал күндіз ауа температурасы +13 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде +10, күндіз +17 градус болады. Шымкентте түнде сынап бағанасы +16 градусты көрсетсе, күндіз +26 градусқа дейін ысиды.
4 қазанда елордада түнде +3, күндіз +15 градус жылы болады. Алматыда түнде +12 градус, күндіз +18 градус жылы болмақ. Шымкентте түнде 14 градус, күндіз 25 градус жылы.
5 қазанда астанада түнде 3, күндіз 17 градус нөлден жоғары. Алматыда түнде +11, күндіз +18 градус болады. Шымкентте түнде 13 градус жылы, күндіз сынап бағанасы +22 градусты көрсетеді.
03 қазан 2019 ж. 37 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области