Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Абылай хан атындағы жоғары колледжінде» өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

«Абылай хан атындағы жоғары колледжінде» өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Е.Демесінов көшесі №38 мекен-жайда орналасқан «Абылай хан атындағы жоғары колледжінде» өрт-тактикалық жаттығу өтті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Тактикалық жоспарға сәйкес колледж ғимаратына жапсарлас салынған бір қабатты шағын қазандықта жарылыс болды. Өрт салдарынан кіші қазандықтың ғимараты толығымен жанып, тіпті оңтүстік-батыс жағында сыртқы қаптамасы жанған. Осылайша дәліз арқылы колледждің аудиториялары мен қызметтік кабинеттеріне таралу қаупі төнген. «112» нөміріне хабарланғаннан кейін жеке құрам оқиға орнына жедел шықты.
Оқиға орнында жедел штаб пен жауынгерлік учаскелер құрылып, өрт сөндіруді басқарудың шешуші бағыты анықталды. Содан кейін адамдарды құтқару және өртті жою бойынша іс-қимылдар пысықталды. Нәтижесінде ғимаратта қалған 3 зардап шеккендер өрт сөндіру автосаты арқылы құтқарылды.
Жаттығудың негізгі мақсаты білім беру мекемелеріндегі шартты өрт оқиғасы кезінде өрт сөндірушілердің жауынгерлік іс-әрекеттерін жетілдіру, тәжірибелік біліктілігін арттыру және күштер мен құралдардың өзара әрекеттесуін пысықтау болды.
Оқу-жаттығуға қызметтің жеке құрамынан 41 қызметкер, 9 бірлік техника жұмылдырылды. Қызмет бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов оқу-жаттығуды қорытындылап, өрт сөндіру бөлімшелері мен нысан қызметкерлерінің біріккен іс-әрекеттерін атап өтті.
03 қазан 2019 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области