Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Етті неге жууға болмайды?

Етті неге жууға болмайды?

Азық-түлікті қолданар алдында жуып-тазалап жеуді бала кезімізден үйретеді. Бірақ ғалымдар барлық тағамды қолданар алдында жуу міндетті емес деп отыр.

Егер де сіз осы күнге дейін қолданар алдында етті жусаңыз, бұны жасаудың қажеті жоқ екенін ескеріңіз. Бұған екі түрлі себеп бар.
Бір кесек еттен бактериялар мен микроорганизмдерден арылтамын деп оны жуғанда тек жағдайды ушықтырып жіберетін болып тұрмыз.
Етті жуған кезде бактериялардың белсенділігі одан сайын арта түседі де, оның тез таралуына септігін тигізеді. Көптеген микроорганизмдер сумен бірге ағып кетпейді, олар раковинаның қабырғалары, ыдыста және тақтайда қалып қояды. Оларды кетіру өте қиын, кесірінен адам уланып қалуы да мүмкін. Әсіресе бұл тауық етіне қатысты. Тауық еті - өздеріңіз білетіндей сальмонеллездің ошағы. Су тамшыларымен бірге сальмонелла (қылау) ас үйде 1 метр жерге дейін шашырауы мүмкін. Енді қауіптің деңгейін түсініп отырған шығарсыз...
Ал енді екінші себепке келетін болсақ, бұл бірінші себеп секілді аса қауіпті емес, дегенмен жағымсыз жағдай. Етті жуған кезде әсіресе ыстық сумен жуғанда еттің молекулярлы құрамы бұзылады. Соның кесірінен жанышталған ет (отбивные) дұрыс қуырылмайды. Ет қуырылмай, тек бұқтырылып, өзінің дәмі мен хош иісінен айырылады.
Не істеу керек?
Тамақ дайындау кезінде етті тек қағаз сүлгімен сүртіп алса жеткілікті. Енді етті қуырып, бұқтыра берсе болады.
Егер сіз еттің бетінде қандай да бір кір, не жабысып қалған қағаз сүрткенге кетпей жатса тез ғана краннан ағып тұрған суға бір шайып алуға болады, тек суды шашыратып алмаңыз. Бұдан кейін етті құрғағанша қағаз сүлгімен жақсылап құрғату қажет. Қолданып болған соң сүлгіні бірден қоқыс жәшігіне тастаған жөн.

05 қазан 2019 ж. 25 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области